Өшпес із, өлмес рух
Общество   06.05.2021   4481
Оқтай заулаған уақытта шек жоқ. Дүниені екі бүйірден қысқан індеттен іргені аулақ салудың амалын іздеп жүргенде кешігіп жеткен көктемнің соңғы айы да сусып өтіп бара жатқанын аңдамай қалғандаймыз. Тыныштығымызға тәубе деп, татулығымыздың тұнығын лайламай, бақ пен берекенің бағасын білген халқымыздың тарихтың қатпарында қалған нешеме қилы замандардың қай-қайсында да өр рухы сынған жоқ. Жеңісінің 76-көктеміне қадам басқан сұрапыл соғыста да қазақ елінің алдаспан ұлдары ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев, Нұркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды батырлардың есімі әрдайым ел жадында.
Отанға қызмет армен өлшенеді
Общество   06.05.2021   487
Бір әулеттің он сегіз жаны әскери қызмет атқарып, саналы ғұмырларын ел-жұрттың тыныштығын, Отанды қорғауға арнаған. Он сегіздің алды еңбегінің зейнетін көріп жатса, көпшілігі әскери өмірдің қайнаған қазанында қалтқысыз қызмет етіп жүр. Өзінен кейінгілерге үлгі болып, мамандық таңдауына себепші болған әулеттің үлкені, бірінші дәрежелі капитан, Қарулы күштер ардагерлері ұйымының Алматы облысы бойынша төрағасы Рахым Асанбекұлы Қырғабақовты әңгімеге тарттық.